Сынақ алаңына айналған дүниежүзіндегі ең ірі-Семей полигоны. Радиация -қасиетті жерді улады, кемтар балалар дүниеге келді.
«Мәңгілік бала бейнесі» күллі қазақ жұртының ауыр қайғысын арқалап, мұңын жамылған шығарма. Ләйлә -атом зардабы емес, адам қолы жасаған қиянаттан өлім құшқан қыз.
Қазақ жұрты- қасіретін, қасиетімен жеңген халық. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» пьесасы негізіндегі қойылым «Қызжылаған» жас режиссер Абзал Максимнің режиссерлік шешімімен ерекшеленеді.