Астана
14
Драма

Жоламан

  • Режиссер: Думан Омар
  • В ролях: Айбек Тыныштықбаев, Гулдана Алиханқызы, Думан Омаров, Ерасыл Нұртай, Мөлдір Ануаш, Айман Абубакирқызы, Роман Фалей, Гүлмира Шаймағанбетова, Олжас Ашит, Арай Амантауова
  • Продолжительность: 1ч 20 мин.
  • 16+
Подробное описание
Расписание

Жүзбай Серіктің «Өмір-ғайып» романының желісі бойынша жазылған «Жоламан» атты музыкалық драмасы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын туынды. Пьеса Жоламан атты тастанды баланың өмірге келіп, тағдыр тауқыметіне жолығуымен байланысты. Мақсаты — қоғамда жетімдерді болдырмау. Кіршіксіз сәби көз жасына қалмау. Автор осы мақсатты жүзеге асырады. Аталмыш қойылымнан театр сүйер қауымның алар тәрбиесі мол.

Спектакльде өмірде болатын әртүрлі жағдайлар суреттелген. Музыкалық драма кейіпкерлерінің трагедиялары, драматизмдері тартысқа толы. Туынды отбасы құрудағы құндылықтар, бала тәрбиесі мен ата дәстүр бағытында ұл-қыздарға ой салады. Аталған идеялар қойылымның кульминациясы болып табылады. Ал басты кейіпкер Жоламан өз анасымен табыса ма екен? Оның өмір жолы әрі қарай қалай байланысады? Қандай қиындықтар мен жетістіктерді бастан өткереді? Осы сұрақтардың жауабын бірге іздейік!

Возрастное ограничение: 14+