Астана
10

Сарыжайлау

    • 6+
    Подробное описание
    Расписание

    Қазақконцерт Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай Мәдениет саласының үздігі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртісі Қайрат Айтбаевтың «Сарыжайлау» атты жеке шығармашылық кешін өткізеді.

    Концерттік бағдарламада Тәттімбет, Байжігіт, Сүгір, Әбікен сынды халық композиторларының күйлерімен қатар, Төлеген Момбекұлы мен Нұрғиса Тілендиевтің туындылары, сондай-ақ жыр-терме және дәстүрлі әндер орындалады.

    Қайрат Айтбаевтың жеке шығармашылық концерті алғаш рет кең ауқымда ұйымдастырылып отыр. Бұл кеш аясында тек күйлер ғана емес, поэзия, жыр және дәстүрлі ән өнері тоғысып, көрерменге ұлттық өнердің терең мазмұнын ұсынатын рухани кеш ұсынылады. Жетіген аспабындағы ерекше орындау концерттің көркемдік бояуын айшықтай түседі. Ал күйшінің репертуарынан Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Қырмызы Қосбасар», «Сылқылдақ», сондай-ақ, Төлеген Момбековтің «Салтанаты», Кетбұғаның «Ақсақ құланы», Әбікен Хасеновтың «Қоңыры» мен Нұрғиса Тілендиевтің «Көкшетауы» сынды сирек орындалатын шығармалар көрермен назарына ұсынылады.

    Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз! Сахна төріндегі өнер кешін бірге тамашалайық!

    Қазақконцерт в честь 210-летия Тәттімбета Қазанғапұлы представит сольный творческий вечер «Сарыжайлау» обладателя нагрудного знака «Мәдениет саласының үздігі», артиста Центра национального искусства «Халық қазынасы» Кайрата Айтбаева.

    В программе концерта прозвучат кюи народных композиторов как Тәттімбет, Байжігіт, Сүгір, Әбікен, а также произведения Толегена Момбекова и Нургисы Тлендиева, жыр-терме и народные песни.

    Впервые творческий концерт Кайрата Айтбаева пройдёт в таком широком формате. Вечер объединит кюи, поэзию, жыр и традиционное пение, превращая его в масштабное событие, раскрывающее богатство национального искусства. Особую красочность программе придаст редкое исполнение на жетыгене.

    Зрителям будут представлены произведения из репертуара кюйши: «Сарыжайлау», «Қырмызы Қосбасар», «Сылқылдақ» Тәттімбета, «Салтанат» Толегена Момбекова, «Ақсақ құлан» Кетбұға, «Қоңыр» Абикена Хасенова и «Көкшетау» Нургисы Тлендиева.

    Не пропустите уникальное событие, прославляющее великое наследие национального искусства!

    16 октября, четверг
    19:00